Халқым! Кәзіргі таңда тұрған ең маңызды шешілейін деп тұрған мәселе — ол ұлтыңның, сенің тағдырың! Неге десең... осы дауыс берү сайлауында, елдің бет бұрысы, президент, ел басқарушы таңдауында! Таңдауың қандай болса — келешек сондай болмақ! Дәл осы уақытта бейқам жүре берсең, ол тағдырыңның тағы отыз жылға, сол жүйеге бататынын сезбейсің бе? Мен сіздерге абыз да емеспін, көріпкел де емеспін. Бірақ біраз ой тоқумен, сезіммен, сараптаумен жазып отырмын. Мені де табалайтын, сырттан жамандап, қорлайтындар да табылар, талай байқаймын, бүкіл елді айтып қайтем... өз жақындарың сондай ды. Ешкімге жала жаппай, қара жақпай, таңдауыңды жасасаң, дәп сол болады. Енді сезініп, шешуші кезеңге келген сияқтымыз, оны бос жіберіп қалып, артынан өкінгеннен не пайда? Біздің елге өзгеріс керек, оны кім өзгертетін — кәзіргі жүйе ме? Жоқ! Олай болса ауыз ашып сөйле, дұрыс таңдауыңды жаса. Неге ел бай – халық кедей? Жоқшылық, өкініш, қайғы, ұайым ,жұтқан ардақты аналар неге қудалануда? Одан асқансорлы іс бар ма? Неге өз позициясын ғана, көрсеткен жастар қамалуда? Неге ел белсендінің көбісі, жоғалып, қудаланып, жан жаққа қашып, ұсталғандары қамалып жатыр? Ол жүйенің өзгермеүінен! Өзгеремегесін күнде ұрлық, коррупция, откат, взятка дегендерді көріп, соған күә болып жатырмыз, араласып жатырмыз,өзімізде соның бөлшегі болғанымызға қай заман... Олай ел өңбейді! Ендігі әңгіме – бойкот жасайық дейді кей оппоздар туралы... әй шырақтарым сендер бойкот дагенмен, сендердің миллиондаған бойкоттарың болса, миллиондаған жақтаушы,аңғалдар,ақша,табысқа байланғандар сайлауға барады, дауыс береді, оған күмән жоқ! Бюджетник,шенеүнік,полиция,армия,студент, мұғәлім,дәрігер,т.б. бәрін қуып тығады. Сонда не болады? Ия билік өзін сайлағанын өткізеді де қояды, бітті. Әрине білсеңдер биліктің қолында бүкіл, Қаржы,Күш,Ақпараттық құралдар, Телеарна, Әскер, Полиция, Әкімдктегілер, Шенеүніктер, Бизнесмендер, Әр түрлі қолдан жемденетін, қоғамдық ұйымдар, Ассамблеялар, Банктерден бастап...Бюджетке қарасты қызметкерелердің түгелі !!!... тіпті момындар,сопылар, ауыз ашықтар, бейшаралар, сорлылар қолдап отырса.. жүйе сол қалпында қала береді. Өзім жер дауынан кейін Дос Көшімге сенім артып жүр едім, \адам сөйлегенінен, көзқарасынан байқалады ғой\, ой тоқығандарға. Алайда бір себептермен, Әміржан Қосановты қолдап отыр, өзі қатыспай, оның себептері барын сезіп отырмын. Ал Әміржан Қосановты да танымаймын, бірақ біраз кездесүлер, видеоархив, интервью, жәрияламдарын қарап жүрмін. Бұлда қазаққа жаны ашитын жанға ұқсайды. Ал өсектерді тыңдай берсең, шындығы бар, өтірігі бар, кім бұл әлемде, таразға салынған жоқ? Судай таза адамды көрсетші осы таңда?! Өй өйтті, өй бүйтті деумен арпалыс. Сайлауға түскендерді жамандамай ақ қояйын... тек күлкім ғана келеді. Бәріде осы жүйенің тумалары, бірақ ішінен таңдасаң, Әміржан Қосанов шынайы қазақ, қазақ тілді, қазақ тәрбиелі, ұлттықты бойында сақтап қалған. Осы кісіні таңдасақ, келесі сайлауда, 4 жылдан кейін, әйтеүір бір таңдау болады. Қырғыздардың жеткеніне, қансыз, жанжалсыз осылай жетүге болады. Басқа қуыршақтарды айтпай ақ қойяын... орыс тілдіні таңдасаң.. тағы 30 жылға батқаның, ол таңдауыңның біткені. Бітпесе ел басына келді ме, неге озбырлыққа, зомбылыққа, жол беріп отыр? Неге коррупция мен жемқорлықты тыйя алмай отыр? Неге бастамалары халыққа қарсы? Ол жүйенің жалағаса беретінінің дәлелі. Өйткені олар осы жүйенің балалары, жүйе емшегін бергендей, олар сорып, іңгәлап тыйылмайды. Ол ақиқат! Халқым сен шешүші жолда тұрсың! Өсек, қаралау, балағаттау қашанда қазақтың әдеті ғой, осы заманда марқұм Алтынбек, Заманбек, тірі болғанда, өсектеп, күйе жағатындар мыңдап емес,миллиондап шулар еді, оған күмәнім жоқ, ұлттың мінез қалпы сондай. Кәзіргі таңда бойкот жасағандар текке қалады, жүйе оларға қарамай, оларсызда сайлау өткізе салады. Сондықтан қарап қалмай, опық жемеү үшін Әміржан Қосановты қолдайық! Менің әзірге таңдауым сол! Таңдамасаң өкінерсің бір күні, басыңа келгенде, таңдауың болмай қалар қан төгіссіз. Осыны қолдасаң лайк басып қолда халқым, сонда тарай беретіні хақ !!!
facebook.com